Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Бос лауазым бойынша үміткерлердің біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, байланыс телефоны 8(7172)75-47-79, электронды адрес: d.mussaeva@mid.gov.kz, k.urmantaev@mid.gov.kz, келесі «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

І. Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкер оқу демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Комитеттің аумақтық органдарымен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне техникалық қарап тексеруді өткізуге бақылауды жүзеге асыру; техникалық қарап тексеру орталықтарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу; міндетті техникалық қарап тексеру өткізуді бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылаушы органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру; Комитеттің аумақтық органдарымен автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілеріне тексерулерді өткізуге бақылау, міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ шаруашылық субъектілерін тексеру мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдары жұмысының көрсеткіштеріне талдау жүргізу. Басқарманың міндетіне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе  құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг).

ІІ. Көліктегі автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттандыру саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен жетілдіруде қатысу; ақпараттандыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қатысу; ақпараттандыру мәселелері бойынша бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау; көліктік бақылау саласында ақпараттандыру аясында инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру шеңберінде техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу мен келісуде қатысу; GPS/ГЛОНАСС технологияларының негізінде авариялар мен апаттар кезінде жедел ден қою ақпараттық жүйесін жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жоспарлауды, бақылауды және тиімділігін бағалауды жүргізу; басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және  дайындау. Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық (автоматтандыру мен басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе аспап жасау, стандарттау, сертификаттау және метрология саласында) немесе педагогикалық (информатика немесе физика немесе математика саласында).

ІІІ. Ахуалдық орталықтың бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Автокөлік құралдарын өлшейтін автоматтандырылған жүйе жұмысына бақылауды жүзеге асыру  және анықталған бұзушылықтарды тез арада жою қажеттігін қабылдау, Автокөлік құралдарын өлшейтін автоматтандырылған жүйе жұмысының тиімділігін арттыру және жақсартуға ұсыныс дайындау, арнайы автоматтандырылған өлшеу жүйесінің көрсеткішін талдау және сараптау, автоматтандырылған жүйеден өлшену барысында параметрлері рұқсат етілген мөлшерден асқан автокөлік құралдарының деректерін өңдеуге аумақтық органдарға жолдау, ауыр салмақты және ірі көлемді жүк тасымалына талдау және бақылау, арнайы рұқсатсыз салмақ өлшем параметрлерінің асыра отырып жүрген автокөлік құралдарына жол бермеу және  арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімнен ауытқи отырып, жүріп өтуі, нормативтік құқықтық актілерді жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылау, ҚР-ң халықаралық келісімі, көлік міндеттерінің тәртібін анықтаушы,  бұзушылықтарды анықтап шара көру, аумақтық инспекциялардың әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының қолданылуын бақылау, автомобиль көлігінің қызметін бақылау –қадағалау тиімділігін арттыру, және жақсартуға ұсыныс дайындау, аумақтық көліктік бақылау органдарымен және көліктік бақылау бекеттерінің нормативтік  құқықтық  актілердің қолдану тәртібін тексеру, аумақтық инспекцияларға  автокөлік құралдарының жүрісіне бақылау жүргізу жұмыстарын үйлестіру.

Басқармаға жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг). 

IV. Қаржы басқармасының бас сарапшысы, С – 4 санаты (2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Республикалық бюджеттің қаржылық әрекеттерінің орындалуына бақылау жүргізу; Комитет және аймақтық мекемелеріне бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді қаржыландыру туралы жоспарды түзетуге өтініштерді қабылдау; Бюджеттік құралдарды толық және уақытылы жүзеге асыру және мониторинг, аймақтық мемлекеттік комитет мекемелерімен бірлескен шұғыл жұмыс жүргізу; мақсатты даму және ағымдағы мақсатты қолдану жөнінде айлық есеп жүргізеді;  Еңбек демалысы, сыйақы, қосымша төлем, жалақының уақытында аударылуын төленуі мен қадағалау; өтемақы және уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және оған қатысты барлық төлемдерді, аванстық төлемдерді жүргізу; Бухалтерлік есепке қатысты шоттарды жүргізу. Басқарма міндеттеріне кіретін басқа міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

V. Қаржы басқармасының сарапшысы, С – 5 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бухалтерлік есеп және есепті құру мекемесі; Нақты есеп және кассалық есепті жүргізу; есеп жүргізу мекемесі; Материалдық тауар және қосымша құрал құндылығының әрекеті; Негізгі құрал және қосымша құрал әрекеті бойынша тоқсандық және жылыдық есебін қабылдау; активтердің шығарылуын қадағалау; Комитет және аймақтық мекемелерінің жүйеде есебі бар қосымша құралдарды қолдану; есептен шығару; Материалдық тауар құндылықтарын және қосымша құралдар әрекетіне статистикалық есеп құру; Материалдық тауар құндылықтарын сақтау жауапкершілігі  және олардың сақтау мерзімін қадағалау және жұмысты қамтамасыз ету; Материалдық жауапкершілік комитет тұлғасына қатысты және тез бұзылатын заттардың, құрал-жабдық пен материалдың қалпында сақталуына жауап беру; Активтердің түсу есебін жүргізуде, құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуін қамтамасыз ету; ҚЕБ, МБН олардың ішкі бюджетте сақталуын және шығарылуын, сондай-ақ әрбір құралдың пайдаланылуын және сақталуын бақылау; Басқарма міндеттеріне кіретін басқа міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару). 

VI. Заң жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Заң жобаларының және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметiнiң құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін бiлдiредi; арыз-талап жұмыстарын жүзеге асырады; құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындайды және әзірлейді; шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Басқарманың міндеттеріне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (заңтану,  халықаралық құқық, кеден ісі).

VII. Темір жол көлігі басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік тапсырыстарды және бюджеттік бағдарламаларды дайындау; көлік кешенінің стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; темір жол саласындағы біріңғай инвестициялық және инновациялық саясаттың қалыптасуын және жүргізілуін қамтамасыз ету; темір жол көлігін тиімді қолдануға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; жолаушылар тасымалдауға кететін шығындардың мониторингін жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін басқа да міндеттерін орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе тасымалдау қызметтерін көрсету (тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, жергілікті және мемлекеттік басқару).

VIII. Ахуалдық орталықтың сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Нақты уақыт тәртібіндегі автомобиль жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау мен мониторинг жүргізу, көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын бейне мониторингі арқылы бақылау, сонымен бірге GPS-навигатор көмегімен, ҚР аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің белгілі бір аумақта орналасуын анықтау іс-шарасын жүзеге асыру. Кедендік одақ бойынша сыртқы шекараға өту рұқсатнамасы бойынша автоматтандырылған жүйеде өлшеуге түскен автокөлік құралдары жөнінде хабарламаны тексеру. Автоматтандырылған жүйеден өлшену барысында параметрлері рұқсат етілген мөлшерден асқан автокөлік құралдарының деректерін өңдеуге аумақтық органдарға жолдау. ҚР көлік заңнамасына тиісті сұрақтар бойынша  және 117 сенім сым тетігіне хабарласқан азаматтармен үкімет аралық келісім талаптарына сәйкес кеңестік жұмыс өткізу. Басқармаға жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк көзғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг).

 

IX. «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізетіндігін хабарлайды. Қарағанды қаласы, Гапеева көшесі 5, 100026, анықтамалар үшін телефоны және факс: 8(7212)348-000, e-mail:kt.kar@mid.gov.kz, d.zhumakulov@mid.gov.kz

1. Құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты (С-О-5 – 1 бір.).

Функционалдық міндеттері: Кадрларды іріктеп алу және орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру; байқау, аттестация, тәртіптік комиссия,  мемлекеттік қызметте өтіл есептеу комиссия жұмыстарын ұйымдастыру; қызметкерлерді қайта даярлау және білімін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырады; Инспекция қызметкерлерінің жеке ісін жүргізеді; жеке құрам бойынша еңбек демалысы және іссапар бұйрықтарын  дайындайды; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шек қоюды бақылайды және  белгілеп сақтайды; кадрлар жөнінде тоқсандық және жылдық есеп құрайды; инспекция қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін және мемлекеттік қызметкерлердің статистикалық есебін жүргізеді;   инспекция басшыларының және құзырлы органдардың тапсырмасының бұйрықтарын орындалуын бақылайды, жиналыс хаттамасын жүргізеді; әкімшілік құқықбұзушылық және оны жүргізетін тұлғаларға байланысты есептін жүргізілуін бақылайды; инспекцияның мүддесін соттарда, құқық қорғаушылық және басқа да мемелекеттік органдарда қорғайды; құқықтық жаппай оқу жұмысын өткізуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану туралы инспекция жұмыскерлеріне ақпаратпен кеңес береді. Атқарылған істері бойынша есеп береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша жоғарғы оқу білімі немесе жоғарғы заң білімі. Еңбек тәжірибесі болған жағдайда «Қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі немесе ортадан кейінгі заң білімі рұқсат етіледі.

2. Теміржол көлігінде бақылау бөлімінің бас маманы,

санаты (С-О-5 – 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауға, теміржол көлігінде жүзеге асырылуға тиісті нормативті-құқықтық актілердің, заңды және жеке тұлғалардың орындауына бақылау жүргізеді. Теміржол көлігінде болған аппаттарды тергеуге қатысады. Теміржол қозғалмалы құрамының есебін және мемлекеттік, кепілдік тіркеуді, «ИАС-ТБД» бағдарламасы бойынша мониторинг жүргізіледі. Теміржол көлігіндегі  шаруашылық субъектілерді тексереді. Магистралды, станциялық, жол бойы және жолаушылар поездарындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға тексеріс жүргізеді. Өз құзіретігі шегінде ҚРӘҚтК сәйкес хаттамаларды, актілерді құрастырады, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарады. Анықталған заң бұзушылықтарды түзетуге жазбаша ұсыныс береді, шаруашылық субъектілердің іс-әрекетін тоқтатуға шаралар қолданады. Атқарылған істер бойынша ай сайын есеп береді және талдау жасайды. Шаруашылық субьектілерге көліктік саласында (әуе көлігінен басқа) тексеріс жүргізеді. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: көлік саласында (әуе көлігінен басқа) жоғары білімі немесе көлік саласында ( әуе көлігінен басқа) іс тәжірибесінің бар болуы кезінде орташа кәсіптік білім.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті