Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1009/19
Подведение итогов акции «Скутер» в Жамбылской области

Жамбыл облысында «Скутер» акциясы қорытындыланды.

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы "Скутер" акциясын қорытындылады. Бұдан бұрын Көлік комитетімен 2019 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс – шаралар жоспарының 7-тармағына және ағымдағы жылғы 24-25 мамырда өткізілген 22-ші Республикалық семинар-кеңес хаттамасының 2.3. тармағына сәйкес 2019 жылғы 01 маусымнан бастап 31 тамызын қоса алғанда «Скутер» Республикалық акциясы жарияланған болатын.

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы осы Республикалық акцияға белсенді түрде қатысып, Жамбыл облысының су айдындарында шағын көлемді кемелердің көлдерде қауіпсіз пайдалануын және адамдардың өмірлеріне қауіп төндірмеу бойынша іс – шаралар жүргізді.

Республикалық «Скутер» акциясы аясында барлығы 206 шағын көлемді кеме тексерілді, оның ішінде 19 кемеге әкімшілік құқық бұзу кодексінің 534 бабы 3 бөлімі бойынша 25251 теңгеге айыппұл салынған және 22-кемеге әкімшілік құқық бұзу кодексінің 582 бабының 2 бөлімі бойынша 145187 теңгеге айыппұл салынған. Қорытындылай келе 41 шағын көлемді кемеге жалпы сомасы 170438 теңгеге әкімшілік айыппұл салынып жергілікті бюджетке өндірілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті