Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1601/20
Разъяснены изменения в Законе о ЖД транспорте

Теміржол көлігі мәселелері туралы Заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

2020 жылғы 16 қаңтарда Орталық коммуникациялар алаңында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын түсіндіруге арналған брифинг өтті. Спикерлер ретінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Жұмаұлы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі сөз сөйледі.

Жаңа құжат жолаушылар тасымалын субсидиялаудың ашық жүйесін құруға, жүк жөнелтушілердің жасырын транзит схемаларын пайдалануын болдырмауға және кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, жолаушылар қозғалысында локомотивтік тартқыштың жеке операторын құру арқылы жолаушылар тасымалдаушыларын мемлекеттік бюджеттен субсидиялау механизмі өзгертілді, ол бюджет қаражатын тікелей алушысы болады.

Бұл теміржол жолаушылар тасымалын қолдауға мемлекеттік субсидиялар бөлу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және барлық  қатысты компаниялардың шығыстары мен кірістерінің ашық есебін жасайды.

Сондай-ақ, заңда жасырын транзит схемасы бойынша жүк тасымалдау мүмкіндіктерін алып тастау бойынша нормалар көзделген, бұл Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері арасындағы транзиттік оператор ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

Түзетулердің жеке бөлігі кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін бағытталған.

Осылайша, алдағы уақытта қызметтерді тұтынушылар кірме жолдар иелерінің заңсыз, үстем және монополистік әрекеттерінен заңнамалық деңгейде қорғалатын болады.

Жалпы, заң теміржол тасымалы саласына жағымды әсер етіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.




Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті