Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0910/19
Проведены проверки на железнодорожном транспорте

Темір жол көлігіндегі тексеру шаралары жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы көліктік бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының , ҚР ИДМ-нің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 «Теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау ережелері» бұйрығының талаптарына сәйкес теміржол көлігінде тексеру жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, бірлескен іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, атап айтқанда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің превенция басқармасы, Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жолаушылар пойыздарын тексеру.

2019 жылғы 03-06 қазан аралығында аталған іс-шараларды өткізу барысында «Петропавл-Тайынша» учаскесінде, "Қазан-Ташкент" бағытындағы №316, «Қызылорда-Петропавл» бағытындағы №75, «Қазан-Алматы» бағытындағы №304, «Қазан-Бішкек» бағытындағы №306 жолаушылар пойыздары тексерілді.

Темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің мамандары темір жол көлігінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерінің бірқатар бұзушылықтарын анықтады (мүгедектерге арналған кресло-калясканың болмауы, жарамдылық мерзімі өткен өрт сөндіргіштер, дәретхана керек-жарақтарымен қамтамасыз етпеу, билетсіз жолаушыларды тасымалдау).

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 571-бабы 4-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 623- бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.       

Қысқартылған тәртіпте 27 775 теңге сомасына айыппұл салынды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті