Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0601/20

Солтгүстік Қазақстан облысында Көліктік бақылау Инспекциясы жолаушылар поездарында тексеру жұмыстарын жүргізді

 

"Жолаушылар поездарына билет тапшылығын жою, билетсіз поезда жүруге жол жоқ!" акциясын өткізу кезеңінде, теміржол көлігінде тасымалдау мәселелерін реттейтін, Қазақстан Республикасы ҚР ИДМ 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк – багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының" сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары 2019 жылғы желтоқсанда жолаушылар поездарында жол жүру құжаттарының болуы мен жарамдылығына 7 жолаушы поезына тексеру жүргізді. Билеттерді заңсыз сату барысында билет кассаларының жұмыстарын және теміржол вокзалдарына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жолаушылар пойыздарына тексеру жүргізу барысында, Ереже, атап айтқанда 4 билетсіз жолаушыларды тасымалдау. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 623-бабы 4-тармағы бойынша жолсеріктерге қатысты 3 әкімшілік материал толтырылып, 18 937,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жолаушылар поездарына тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 571-бабы 4-тармағы бойынша вагондағы толық көрнекі ақпаратты қамтамасыз етпеу, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін бұзушылық анықталды, 2 әкімшілік материал жасалды, 12625 теңге көлемінде айыппұл салынды және өндіріп алынды.

Сондай-ақ поездардың құрамында мүгедектер арбасымен қозғалатын тұлғаларды жүріп-тұратын адамдарды отырғызатын және түсіретін арналған көтергіш құрылғылары бар (егер көтергіш құрылғылар вагонның, поезд құрамының зауыттық конструкциясында көзделсе) вагоны болмауы үшін "Турксиб Астана" ЖШС-не және "ARLAN TRANS ASTANA" ЖШС-не қатысты актілер жасалды. Тексерістер нәтижесі бойынша тасымалдаушылар мекен жайына бұзушылықтар жою бойынша ұсыну жіберілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті