Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0410/19
Подведены итоги акции «Скутер»

«Скутер» акциясы қорытындыланды

Солтүстік Қазақстан облысында Су көлігінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайғылы оқиғалардың алдын алу, шағын көлемді және өзен кемелерін пайдалану ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында 2019 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы облыстағы су айдындарында "Скутер"акциясын өткізді.

Тәртіпті арттыру және су көлігі саласындағы заңнама талаптарымен танысу үшін Инспекция флоттағы апаттылықтың алдын алу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес навигацияны ашар алдында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеме иелерімен, демалыс аймақтары мен кемелердің база-тұрақтарының басшыларымен кеңестер мен нұсқамалар ұйымдастырып, өткізді.

Шағын көлемді кемелерді тіркеу және пайдалану қағидасының негізгі талаптары мынадай: кемені сатып алғаннан кейін 30 күн ішінде белгіленген тәртіппен кеме билеттерін ала отырып тіркелуі, жарақтармен және құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс, борттарға тіркеу нөмірлері қойылуы тиіс. Пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін, атап айтқанда, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, аудан және жүзу жағдайлары бойынша шектеулерді сақтау, жылдамдық режимінен аспауы және өзен кемелеріне кедергі жасамау қажет.

Акция барысында көлік инспекциясының қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен және тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп адамдар көп жиналатын жерлерде су объектілерінде рейдтер жүргізді, кеме құжаттарын, міндетті құтқару құралдарының бар-жоғын тексерді, сонымен қатар жоғары жылдамдықты, серуендеу, спорттық және басқа да кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ағымдағы жылы "Скутер" акциясын өткізу кезінде инспекция қызметкерлері шағын көлемді және өзен кемелерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты 33 әкімшілік іс қозғап, жалпы сомасы 222,2 мың теңгеге айыппұл салынды және өндіріп алынды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті