Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1009/19
Подведение итогов Республиканской акции «Скутер»

Республикалық «Скутер» акциясы қорытындыланды

Жазғы уақытта жүргізілген тексерулер барысында су көлігінде көптеген бұзушылықтар мен сәйкес келмеушіліктер анықталды.

Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында Қазақстанда «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Тексеру барысында шамамен 2,9 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдер, катерлер, моторлы кемелер және т.б.), олардың нәтижесінде      599 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 77 шағын көлемді кемені пайдалануға тыйым салынды. Бұл ретте, құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Алматы, Атырау және Түркістан облыстарында анықталды.

Бұзушылықтардың негізгі түрлері:

- жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану (құтқару кеудешелері, белдіктері, төсбелгілері) – 241 оқиға;

- кеме құжаттары болмағанда пайдалану -77 оқиға;

- кемені басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану - 43 оқиға;

- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару - 41 оқиға.

Акцияны өткізу кезеңінде бұзушылықтардың ең көп фактілері 582 бабтың 5 бөлігі бойынша (кемелерді жеке құтқару құралдарынсыз пайдалану - 241 жағдай) анықталды, сол арқылы бұл шаралар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, себебі олардың болмауы адамдардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді.

Бұл ретте, Көлік комитетінің қызметкерлері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бір уақытта суға батып бара жатқан, құтқару құралдарынсыз болған 6 адамды құтқарып, жағаға жеткізді (оқиға Қапшағай су қоймасында ағымдағы жылдың 20 шілдесінде болған).

Алайда, алдын алу шараларына қарамастан, навигация кезеңі ашылуынан бастап 3 көлік оқиғасы тіркелді, олар кемеде жеке құтқару құралдарынсыз (құтқару кеудешелері, белдіктері, төсбелгілері) болған 2 адамның өліміне алып келді.

Сондай-ақ, көліктік бақылау қызметкерлері суға шомылатын адамдарға қауіпті жақын жерде (адамдардың суда жаппай демалатын орындарында, яғни жағажайларда) шағын көлемді кемелерді пайдаланғаны үшін кеме жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған шектеу шаралары су объектілерінде халықтың шомылуы мен көпшілік демалатын орындарында жазатайым оқиғаларды азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, Көлік комитетінің аумақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыс әкімдіктеріне адамдар демалатын және шағын өлшемді флот пайдаланылатын су айдындарында шағын өлшемді кемелердің келуі үшін қоршайтын буйлар мен орындарды қою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсынымдар жолданды.

Анықтама ретінде: Көлік комитетімен іске асырылатын «Скутер» республикалық акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бөлігі болып табылады.

 

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті