Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1109/19
В Павлодарской области проведено совместное мероприятие

Павлодар облысында бірлескен іс-шара өтті

2019 жылғы 10 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы теміржол вокзалында қоғамда "тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру бойынша іс-шара өткізді. Акция Павлодар көлік прокуратурасының, Ішкі істер желілік бөлімінің және "Жолаушылар тасымалы"АҚ-ның Павлодар учаскесінің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында "Риддер-Нұрлы Жол" бағытындағы №376 жолаушылар пойызы тексерілді. Онда жолаушыларға темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды тасымалдау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Темір жол вокзалының күту залындағы жолаушыларға үшінші тұлғалардың (делдалдардың) белгілі бір ақы үшін билеттерді сатып алу мәселесі бойынша көмек көрсетуі бөлігінде сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша үшінші тарап тарапынан осындай әрекеттер байқалмағаны анықталды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті