Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1009/19
Подведение итогов Республиканской акции «Внимание, тяжеловесный транспорт!»

"Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" Республикалық акциясы қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығын орындау мақсатында, жазғы кезеңде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2019 жылғы 21 мамыр мен 31 тамыз аралығында " Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" акциясы өткізілді.

Бұл ретте, ауа температурасы +25°С жоғары болған кезде бір білікке 8 тоннадан астам жүктемемен автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Жүргізілген бақылау-алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша көліктік бақылау органдары 42 525 автокөлік құралдарын тексеріп, жол берілген салмақтық параметрлердің асып кетуіне 786 бұзушылық анықтады, олардың 675-і қазақстандық тасымалдаушылардың үлесінде (негізгісі инертті материал тасымалдаушылар) және 111-і шетелдік тасымалдаушыларға тиесілі.

Сонымен қатар, инертті жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты өзі аударғыштардың жол жүру фактілері бойынша бұзушылықтардың көпшілігі Көлік комитетінің ("Whats app" мессенджер) +77080880800 сенім телефонына келіп түскен бейнеөтініш бойынша анықталғанын атап өту қажет.

Автокөлік құралдары тиісті айыппұлдар мен алымдарды төлеу арқылы, жол жүру салдарынан келтірілген залал жойылғанға және өтелгенге дейін ұсталып, арнайы тұрақтарға және алаңдарға орналастырылды.

Сондай-ақ, 104 млн. теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды, 50 млн.теңгеден астам жол жүру үшін бюджетке алым төленді.

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге және олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған осындай акциялар жыл сайын өткізіледі.

 

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті