Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3001/19
Мажилис в первом чтении принял законопроект «О внесении изменений и дополнений в законодательство по вопросам транспорта»

Мәжіліс бірінші оқылымда «ҚР заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдегендей, заң жобасының негізгі мақсаттары жолдардағы көліктік бақылауды автоматтандыру, жолаушылар мен багажды тасымалдаудың сапасын арттыру, теміржол және теңіз көлігіндегі тергеу тәртібін жетілдіру, көлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін арттыру, сонымен қатар, Халықаралық теңіз ұйымы  (ИМО) аудитінің ескертулерін жою.

«Автожолдарда тексеру негіздерінің тізбесін айқындау арқылы бақылау тәртібін өзгерту ұсынылады. Ол көлікті бақылау органдарының көлік құралдарын негізсіз тоқтату тәжірибесінен бас тартуына және көлік құралдарын шамамен 100 мың рет негізсіз тоқтатуды алып тастауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары жүйесінен алынған мәліметтерді интеграциялау арқылы  арнайы рұқсаттың және өзге де  рұқсат беру құжаттарының болуын, міндетті техникалық байқаудан өткенін көлікті тоқтатпай-ақ тексеруге болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Түзетулердің бір қатары жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыруға бағытталған. Заң жобасында қазақстандық тасымалдаушыларға шекараға жақын облыстың аумағында орналасқан елдімекендер арасында тасымалдау қызметін атқаруға рұқсат беру ұсынылады. Бұл түзетуді қабылдау 104 халықаралық маршрут аясында  шекаралас облыстардың 300-ге жуық елді мекендерінің жолаушыларын қосымша тұрақты тасымалдаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Заң жобасында таксимен жолаушыларды тасымалдау үшін клиенттердің тапсырысын өңдейтін онлайн-сервистер қызметін заңнамалық деңгейде реттеу ұсынылады. Ол көрсетілген интернет-ресурстарға қатысты қолданыстағы нормалар мен шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл  мобильді қосымшаларды жиі қолданатын кемінде 50 мың заңсыз тасымалдаушының жолын кесуге ықпал етеді», - деді министр.

Сондай-ақ, автомобильдерді пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін техникалық байқау арнайы бағдарламалық талаптарын бекіту бойынша Жол жүру туралы заңына уәкілетті органның құзыретін енгізу ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген түзетулер техникалық байқаудан өткені туралы жалған диагностикалық карталар беру фактілерінің себептерін жоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасында 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті