Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0810/19
Оптимизированы государственной регистрации

Мемлекеттік тіркеу оңтайландырылды

Теңіз кемелерінің немесе салынып жатқан кемелердің ипотекасын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстыру арқылы оңтайландырылған. Осы қызметті көрсетудің тиісті стандарты ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Енді қызмет алушыларға Ақтау қаласында орналасқан аталған әкімшіліктің кеңсесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

Өтініш берушіге электрондық-цифрлық қолтаңба және Интернетке қол жеткізу жеткілікті. «Электрондық үкімет» порталында ол мәліметтер нысанын толтырып, төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж төлейді (5 айлық есептік көрсеткіш немесе 12 625 теңге) және осындай шартта көрсетілген құжаттармен кеме ипотекасы туралы шарттың сканерленген көшірмесін тіркейді.

Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.  

Қарау нәтижелері бойынша кеме ипотекасын тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.  

 

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті