Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0711/19
В Кызылординской области проведена информационно-разъяснительная работа по оказанию государственных услуг гражданам

Қызылорда облысында азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Жақында Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Н. Шамұратовтың басшылығымен "ҰАТ" АҚ филиалы мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ХҚКО Қызылорда облысы бойынша департаментімен  "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні Инспекциямен автомобиль, темір жол және су көлігі саласында 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде 1769 қызмет көрсетті, оның ішінде 329 қызмет көрсетуден бас тартты.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ХҚКО Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп Департаментінің қызметкерлеріне оқыту бойынша семинар-кеңестер үнемі өткізіліп тұрады.

Аталған іс-шарада мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті