Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3107/19
Уважаемые жители города и представители СМИ!

Құрметті қала тұрғындары және БАҚ өкілдері!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала тұрғындары мен қызметкерлер арасында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Өтетін күні мен уақыты: 2019 жылдың 3 тамызы, сағ. 08:00-12:00 аралығы

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қ., Ботаникалық бақ

Іс-шара аясында шараның салтанатты түрде ашылуы, озат қызметкерлерді марапаттау рәсімі, сонымен қатар, қала тұрғындары арасында қала тазалығына деген көз қарастарын қалыптастыруға бағытталған «Мен қалам үшін не жасай аламын?» - атты акциясын қатысушылармен бірге (Ботаникалық бақтың ішін тазалау) ұйымдастыру және концерттік бағдарлама өткізілетін болады.

Тіркелу үшін өздеріңізге қатысты деректерді komitettransport@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді өтінеміз:

Қосымша ақпарат тел.: +7 (717-2) 98-35-98

Құрметпен, ҚР ИИДМ

Көлік комитетінің Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті