Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0208/19
В Комитете транспорта МИИР РК прошел " День открытых дверей»

ҚР ИИДМ Көлік комитетінде «Ашық есік күні» өтті

Жақында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыру және халыққа түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Бас көлік прокуратурасы, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ және арнайы мониторингілеу тобы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.

Ахуалдық орталықтың жұмысы тәулік бойы 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Өзінің жұмысы негізінде сегіз ақпараттық жүйені қолданады.

Көліктік бақылау бекеттеріндегі Ауыр жүк көліктерінің Автоматтандырылған өлшеу жүйесінің құралы арқылы салмақ өлшеу және инспекторлардың тексеру барысында тікелей видео – трансляция арқылы бақылап отырады.

Ахуалдық орталықтың «Whats Аpp» мессенджеріне келіп түскен заң-бұзушылық фактілер бойынша дереу шара қабылдайды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 15 шілдесінен бастап ҚР ИИДМ бекіткен бұйрығы негізінде аудио және бейне трансляция құралдарын пайдалану күшіне енген болатын. Бүгінгі күнге дейін Көліктік бақылау бекеттерінде бейнежетондар қолданылып келеді.

2020 жылы инспекторлардың қатысуынсыз ағымдағы жағдайларды қарауға және жазуға қол жеткізу мүмкіндігімен жаңа заманауи бейнежетондарын енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, "Ашық есік күні" Көліктік бақылау инспекцияларында Көлік комитетімен бірге бір мезгілде өткізілді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті