Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1009/19
Утверждены нормативы минимального состава экипажа  для неконвенционных морских судов

Конвенциялық емес теңіз кемелері үшін экипажының ең аз құрамының нормативтері бекітілді

Ағымдағы жылғы 20 қыркүйегінде кеменің қауіпсіз жүзуін және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті теңіз кемелері экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға түзетулер күшіне енеді.

Негізгі жаңалық халықаралық теңіз конвенцияларының талаптарына техникалық сипаттамалар бойынша жатпайтын теңіз кемелері үшін нормативтерді регламенттеу болып табылады.

Атап айтқанда, шексіз жүзу аудандарда пайдаланылатын жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімді тоннадан кем теңіз кемелер үшін палубалық команда ең аз 4 адамнан тұруы тиіс.

Автоматтандыру деңгейіне және кеменің жүзу ауданына байланысты бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 кВт дейін кемелер үшін машиналық командасына бір механиктен екі механикке дейін кіруі тиіс.

Жұмыс персоналын Каспийда вахтаны атқару орнына дейін күндізгі уақытында тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылығы 100 тіркелімдік тоннадан кем кемелерде экипажының ең аз құрамына тек капитан және аға механик (екінші механик) кіреді.

Бұдан басқа, жоғары жылдамдықты кемелердің механиктеріне арналған жоғары жылдамдықты кемені басқару жөніндегі куәлігі болуы талабы алынып тасталды. 

Сондай-ақ, жағалаудан 20 мильге дейін алыстай немесе баспана орнынан 50 мильге дейін алыстай қашықтық қазақстандық туын көтеріп жүзетін кемелер үшін жағалауда жүзу ауданы болып табылатыны анықталды.

 

 

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті