Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0410/19
Обеспечивает соблюдение транспортного законодательства

Көлік заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді

Ақтөбе облысында Көліктік бақылау Инспекциясы жоспар шеңберінде қауіпті жүк тасымалдаушыларының көлік заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 19 тамыз 19 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз, қауіпті жүк!» бақылау акциясын өткізді.

Шараның мақсаты - ауыр жүк көліктерінің жүк тасымалдау тәртіптерін сақтауды қамтамасыз ету және қойылатын талаптарды түсіндіру болып табылады.

Акция барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылдың 17 сәуіріндегі №460 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына» қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтау мақсатында жеңіл автомобиль (такси) және жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарды бақылау үшін «Назар аудар, жолаушы!» бақылау акциясы жүргізілуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті