Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0308/19
День работников транспорта отметили в г.Нур-Султан

Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Жылдағы дәстүрге айналған «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» биылғы жылы ерекше аталып өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауында  маңызы мен мақсаты зор. Жастардың келешегіне бағдар беру, жол көрсету аға буын өкілдерінің басты парызы болып табылады.

Осы орайда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып,«Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті. Мерекеге орай Көлік комитеті жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара және қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Кәсіби мерекенің салтанатты түрде ашылуы болып, онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов  мерекеге орай қызметкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.  

Қала тұрғындары жүрген жерінде тазалық сақтап, қаламызды күтіп ұстау үшін тұрғындар да өз үлестерін қосулары тиіс. Біз қала тұрғындарымен бірге  «Мен қалам үшін не жасай аламын?» - атты акциясын ұйымдастырып, Ботаникалық бақтың ішіне тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай – ақ, мереке аясында озат қызметкерлерге Көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін «Құрметті автокөлікші» және «Үздік автокөлікші» төсбелгілерін табыс етіп, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттадық – деді Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті