Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0103/19
Комитет транспорта выявил нарушения в сфере проведения обязательного техосмотра

Көлік комитеті міндетті техникалық байқау өткізу саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады

Көлік комитеті «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жол қозғалысы саласындағы қызметі маңайындағыларға жоғары қауіп төндіретін қызметке (жол қозғалысы саласында тәуекелдері бар ұйымдар, көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары қауіп көзіне жатқызылатынын хабарлайды.

Техникалық тексеруді жүргізу саласындағы заң бұзушылықтарға техникалық байқау орталықтарында көлік құралын тексермеу, «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жіберілетін деректерді өзгерту, көлік құралдарының техникалық байқау кезеңділігін өзгерту, техникалық байқау орталық ғимараттарының және территориясының сәйкес келмеуі, қалаларда және аудан орталықтарында мобильді желілермен техникалық байқау өткізу және тағы басқалар жатады.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Республика бойынша 2018 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін жалған диагностикалық карталарды анықтау бойынша 98 бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сонын нәтижесінде 27 жалған диагностикалық карталар анықталды. Ішкі істер органдары диагностикалық карталарды қолдан жасау және өткізудің екі фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғады. 25 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 оператор техникалық байқау операторлар тізілімінен шығарылды.





 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті