Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2003/19
Обучение для уполномоченных по Этике Комитета транспорта

Көлік комитеті Әдеп жөніндегі өкілдеріне тренинг өткізді

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында атап өткендей, "сапа" мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру басты қағидаты болуы тиіс".

Әдеп жөніндегі уәкілдер тұлғалық трансформация, тұрақты жетілдіру, ашықтыққа, сындарлы ынтымақтастыққа көшу, мақсат қою құралдарын енгізу және оларды нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалану қажеттілігін көрсетуі тиіс жол көрсетушілердің бірі.

Көлік комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гульжанат Олжаева өз қызметі шеңберінде ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері үшін жеке тиімділігі бойынша екі күндік тренинг ұйымдастырды. Тренинг тақырыбы қызметкерлердің уәждемесі, кері байланыс құрылымы және оны тәжірибеде қолдану, тиімді команда моделі, командада жан-жалдарды басқару мәселелерін қамтыды.

Тренинг қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер қолайлы жұмыс атмосферасын дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өз ұжымдарымен жұмыс істегенде алған тәжірибені қолданатын болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті