Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0504/19
Казахстан и Латвия подписали межправительственное соглашение о международном автомобильном сообщении

Қазақстан мен Латвия Халықаралық автомобиль тасымалдары жөнінде қазақстан-латвия аралас комиссиясының кезекті отырысын өткізді

2019 жылғы 4-5 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында қаласында 1998  жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық Келісімнің шеңберінде Халықаралық автомобиль тасымалдары жөнінде қазақстан-латвия аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Тараптар жолаушылар мен жүктердің тасымалдары мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

2018 жылдың қортындысы бойынша Қазақстан мен Латвия арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 13%-ға өсті және 28,8 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер машина, механиз және құралдар, пластмасса және оның өнімдері, қара және түсті металдар және т.б.

Келіссөздер барысында Тараптар 4000 әмбебап және 700 үшінші елдерге/елдерден рұқсат көлемінде 2019 жылға нақты квотаны және 2020 жылға алдын ала рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын орнатты.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

 

Казахстан и Латвия подписали межправительственное соглашение о международном автомобильном сообщении

Казахстан и Латвия подписали межправительственное соглашение о международном автомобильном сообщении

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті