Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1505/19
В рамках II Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и Китая проведена панельная сессия «Транспорт и логистика»

Қазақстан мен Қытайдың Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Көлік және логистика» панельді сессиясы өткізілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 15 мамыр күні Алматы қаласында  Қазақстан мен Қытайдың Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Көлік және логистика» панельді сессиясын өткізді.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Қытайдың көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін одан әрі дамытуды қарастырды.

Атап айтқанда, панельді сессияға екі жақтың көлік ұйымдары қатысты (Ляньюньган қаласының Үкіметі, Қытайдың коммерция министрлігі, Чунцин порты мен Сяо Вэньцзюнь логистикалық офисы).

Екі жақтың өкілдері Қазақстан мен Қытайдың көлік-коммуникация ағынына интеграциялау бойынша мультимодальдық тасымалдау мен тараптардың көлік салаларының жаңа мүмкіндіктері туралы жоспарлар мен перспективаларды талқылады.

Екі жақтың көлік саласындағы белсенді жұмыстары  - Қазақстан мен Қытайдың көпжылдық ынтымақтастығының жемісі болып  табылады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті