Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0208/19
 «Определена схема взаимодействия государственных органов для поиска и спасания людей в казахстанском секторе Каспийского моря»

Каспий теңізінің Қазақстан секторында адамдарды іздеу және құтқару үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл схемасы анықталды

Жыл сайын Қазақстанда экипаждары мен жолаушылары бар 2000 астам кеме суға кіреді. Сонымен қатар, жақын болашақта Каспий маңы порттары арасындағы круиздік кемелерді іске қосумен Каспийде теңіз туризмін дамыту есебінен жолаушылар ағынын ұлғайту жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, адамдар теңіз көлігімен тасымалдау кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін 25 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкі істер, қорғаныс министрлінің және ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы тіркелді.

Қағидалармен қажетті шараларды жедел қабылдауды қамтамасыз ету үшін қатысты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл схемасы және теңізде құтқару операцияларын жүргізу тәртібі белгіленеді.

Қағидаларға сәйкес, кемелерден барлық апат сигналдарын Теңіз құтқару үйлестіру орталығы қабылдап, қажетті күштер мен құралдарды тарту үшін Әскери-теңіз күштерінің, Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық қызметтеріне берілетін болады.

Бұдан басқа, Қағидаларда апатқа ұшыраған кеменің жанында немесе онымен радиобайланыс орнатқан кез келген кемеге (корабльге) ондағы адамдарға көмек көрсету қажет деп регламенттеледі.

Сондай-ақ, Қағидалармен теңіз кемелері үшін мынадай бірыңғай кодтық апат сигналдары белгіленеді: радиотелеграфтық байланыс бойынша беру үшін - "SOS" сигналы және радиотелефон байланысы бойынша - "MAYDAY" сигналы.

Бұдан басқа кемелердің апат сигналдарын беруге арналған жиіліктер анықталды: 156,8 МГц (16 арна УҚТ), 121,5 МГц халықаралық авариялық жиілігінде немесе радиотелефон режимінде 500 кГц немесе 2182 кГц және 8364 кГц жиіліктерінде.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті