Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
0805/19
Объявление

Хабарлама

ҚР ИИДМ Көлік комитеті хабарлайды:

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін, Көлік комитетінің ахуалдық орталығында сенім телефоны мен мессенджерлер жұмыс істейді. Оған сіз тәуліктің кез келген уақытында жүгі бар ауыр салмақты автокөлік құралдарының автомобиль жолдарымен жүріп өткені туралы хабарлама жібере аласыз.

Егер сіз нормадан тыс жүк тиеген ауыр салмақты көлікті көрсеңіз,

+ 7 708 0880800 нөмірі бойынша "Whatsapp" немесе "Telegram" мессенджерлеріне бейне хабарлама жіберіңіз.

Жіберілетін хабарламаларда мемлекеттік нөмірін, өту орнын, автожол учаскесін, жақын елді мекенді, ауыр салмақты көліктің жүріп өткен күні мен уақытын міндетті түрде тіркеңіз.  Бір сөзбен айтқанда, ұялы телефон камерасына түсірілген бейне жазбада автомобиль жолдарымен жүріп өткен жүгі бар ауыр салмақты көлікке қатысты нақты факт болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша Ахуалдық орталықтың 8 (7172) 983535 сенім телефонына тәулік бойы хабарласуға болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті