Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0901/20
Количество ДТП на дорогах страны увеличилось

Еліміздің жолдарында жол-көлік апаттары көбейді

2019 жылы республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда 2547 жол-көлік оқиғасы орын алған. Апаттардың салдарынан 1019 адам мерт болып, 4311 адам жарақаттанды.

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2019 жылы ЖКО саны 18,6%-ке артса, апаттан қаза болғандардың саны – 26,3%; жарақат алғандардың саны 22,1%-ке өскен. Мамандардың айтуынша, жолдарда апаттардың орын алуына негізінен жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы себеп болады. Осылайша, оқиғалардың 33,6% – жүргізушілердің жылдамдықты асыруынан, 14,1% – көліктердің қарсы қозғалыс жолағына шығуынан, 9,5% – жүргізушілердің көлікті басқара алмай қалуынан, 8% – жүргізущілердің тиісті ара қашықтықты сақтамауынан, 3,6% – көлік басқарушылардың шаршап-шалдығуынан, 3,1%  – жүргізушілердің көлікті мас күйінде басқаруынан, 0,3% – көлік құралдарының ақаулылығынан, 27,8% – басқа да себептердің салдарынан орын алады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында болатын ЖКО негізгі түрлеріне көліктердің соқтығысуы  (949 ЖКО) жатады.  Олардың 56%-ін жол-жөнекей көліктердің соқтығысуы, 30%-ін бір-біріне қарама-қарсы қозғалған көліктердің соқтығысуы, 14%-ін бір көліктің екіншісін бүйір жақтан соғу оқиғалары құрайды.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардағы көңіл көншітпейтін статистиканы төмендету мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның ІІМ-мен бірлесіп, 2020-2022 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған Жол картасын әзірледі. Құжат нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, ЖКО алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған 49 шараны қамтиды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрғысындағы автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық базасын жақсарту бағытындағы шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осылайша бүгінгі таңда Қазақстанда «Қателер жасауға мүмкіндік беретін жол» деп аталатын шведтік жүйе енгізілуде. Сонымен қатар, жүзден астам нормативті-техникалық құжатқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізу көзделген. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті