Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2802/19
О деятельности автовокзалов, автостанций и  пунктов обслуживания пассажиров

Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі туралы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 36 автовокзал, 105 автостанция және 32 жолаушылрға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді, олардың бәрі жеке меншікте.

Қазақстан Республикасы Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті 2018 жылғы тамызда автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған салалық қауымдастықтар, автовокзалдар және автостанциялардың өкілдері қатысты.

Осы кеңес барысында автомобиль көлігі саласында заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Ұсыныстар салалық қауымдастықтармен, автовокзалдармен және автостанциялармен бірлесе пысықталуда.

Сонымен бірге, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес «Белгіленген стандарттарға сәйкес келетін автовокзалдар мен автостанциялардың үлес» көрсеткіші 2018 жылы  85%-ті, 2019 жылға 90%-ті құрайды. Бұл ретте, 2018 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш 82% жоспарланғанымен жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша 66%-ті құрады.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасынның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады.

Осыған орай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу бойынша жүргізілетін жұмыстар аясында Көлік комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен бірге Ұлттық стандартты өзектендіруді жоспарлауда. Бұл жолаушыларды тиісті көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті