Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0411/19
В Атырауской области проведено совещание с операторами технического осмотра

Атырау облысында техникалық қарап-тексеру операторларымен кездесу өтті

Жақында, күні Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау Инспекциясының мәжіліс залында техникалық қарап-тексеру операторларымен техникалық қарап-тексеру саласындағы ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында инспекция басшысының орынбасары А.Хабдешовтың төрағалығымен кеңес өткізілді.

Кездесу барысында міндетті техникалық байқау саласындағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – «Тех байқау» БАЖ) ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі комитеттің құзыретін беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне да өзгерістер енгізілгені туралы айтылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті