Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0710/19
       В Атырауской области проектный офис "Адалдық алаңы" принял участие в совместном рейдовом мероприятии.

Атырау облысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлескен рейдтік шараға қатысты.

Атырау өңірінде жергілікті көліктік бақылау Инспекциясы құзыры шеңберінде қадағаланатын заңнамалардың сақталуы және оның халыққа түсіндірілуі деңгейі бағаланды. 

Осы орайда, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен және  «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерімен ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйегі аралығында Астрахань-Ақтөбе-Астрахань тасжолында бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Шараның басты бағыты заңда белгіленген салмақтық параметрлерден асыра жүк тиеген автокөлік құралдарын анықтауға арналды. Ал, мақсаты – жүк тасымалдаушы автокөлік құралдарының жүк тасымалдау тәртіптерін сақтауын қамтамасыз етуі үшін заңнамада көзделген талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіру болып табылады. 

Аталмыш шара барысында 58 автокөлік құралы тоқтатылып, тексерілді. Нәтижесінде, 4 автокөлік құралы белгіленген салмақтық параметрлерден жүкті асыра тиеп, салдарынан тасымалдаушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 6 бөлімі бойынша 4 хаттама толтырылып, оларға 340 875 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 2 696 995 теңге жүріп өткен жолы үшін алым сомасы белгіленді. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті