Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0910/19
В Актюбинской области проведен семинар по государственной услуги в сфере автомобильных, железнодорожных и водных судов

Ақтөбе облысында автомобиль, теміржол және су кемелелері саласындағы мемлекеттік қызмет жөнінде семинар өтті

Жақында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. 

Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау Инспекциясы ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалдарында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша дөңгелек үстелдер мен семинар-кеңестер өткізіп тұрады. 

Семинар барысында «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру», «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру», «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру», «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» және «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау кезіндегі жіберілген қателер туралы қарастырылып, ескерілді. 

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қатаң түрде мемлекеттік қызмет стандарты бойынша қабылдау және фронт-офистерді қайта оқыту ұсынылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті