Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1503/19
15 марта 2019 года в г. Семей проведено региональное совещание по вопросам развития судоходства Иртышского бассейна под председательством заместителя председателя Комитета транспорта МИИР РК Нуркенова К.К.

2019-2020 жылдары Ертіс арқылы өзен көліктерімен 2,3-2,5 млн. тонна жүк тасымалданады

2019 жылғы 15 наурызда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Нүркеновтің басшылығымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, көліктік кеме қатынасы компаниялары және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Ертіс бассейнінде кеме қатынасын дамыту мәселесі бойынша өңірлік мәжіліс өткізілді. 

Мәжіліс жұмысына Ертіс өзені бойынша одан әрі теңіз жолдарына шығатын ҚХР және РФ бағытында жүктерді тасымалдауға қызығушылық білдірген қытайлық компания өкілдері де қатысты.

Қазіргі уақытта Ертіс өзені бойынша өзен көлігімен шамамен 1,3 млн. тонна, оның ішінде 260 мың тонна Ресей Федерациясы бағытында жүк тасымалданады.

2019-2020 жылдарға тасымалдаудың болжамды көлемі жылына 2,3-2,5 млн. тонны құрайды.

Жақын арада мәжіліс қорытындысы Көлік комитетімен 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жобасына және Өңірлердің даму жоспарларына жүйелі мәселелерді қоса отырып  жеке жол картасымен жалпыланатын болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті