Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3101/19
В 2018 году открыты 17 новых регулярных международных автобусных маршрутов

2018 жылы 17 жаңа тұрақты халықаралық автобус маршруты ашылды

2018 жылдың қорытындылары бойынша тұрақты халықаралық жолаушылар тасымалы 121 маршрут бойынша жүзеге асырылады:

  • Қазақстан мен Ресей арасында 85 маршрут;

  • Қазақстан мен Қытай арасында 14 маршрут;

  • Қазақстан мен Қырғызстан арасында 12 маршрут;

  • Қазақстан мен Монғолия арасында 1 маршрут;

  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында 9 маршрут.

Сонымен қоса, Қазақстан арқылы транзиттік маршруттар Ресей Федерациясы - Қырғыз Республикасы, Қырғыз Республикасы – Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы – Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясы – Тәджікістан Республикасы бағыттарында жүреді.

Шекаралық мемлекеттердің арасында жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 2018 жылы 17 жаңа тұрақты халықаралық автобус маршруты ашылды:

* РФ – 5 (Жетіқара – Екатеринбург, Теміртау – Красноярск, Қарағанды – Новосибирск, Петропавловск – Сургут, Сарыағаш - Омск);

* ҚР - 3 (Қант – Кара суу, Токмак – Масанчи, Шымкент – Бишкек);

* ӨР – 9 (Шымкент – Ташкент, Алматы – Ташкент, Қызылорда –Ташкент, ҮшҚоңыр – Ташкент, ҮшҚоңыр – Нукус, Жетісай – Ташкент, Жібек жолы – Ташкент, ҮшҚоңыр – Чирчик, Түркістан – Ташкент).

Сондай-ақ, жолаушыларды тұрақты облысаралық тасымалдаулары 120 маршруттар бойынша жүзеге асырылады.

2018 жылдың басынан бастап 15 облысаралық маршруты ашылды: Көкшетау-Астана (2 маршрут), Бурабай-Астана, Қорғалжын-Астана, Астана-Державинск, Астана-Запорожье, Астана-Атбасар, Астана-Шантөбе, Астана-Михаиловка, Аккөл-Астана, Акимовка-Астана, Астана-Степногорск, Астана-Партизанка, Алматы-Арал және Түркістан-Арал.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитеті